Министрлік жаңа оқу жылына енгізілетін талаптарды хабарлады

/image/2021/08/27/crop-136_12_921x1227_123.jpg

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жаңа оқу жылындағы санитарлық талаптарды мәлімдеді.

– Бүгінгі күні бас санитар дәрігердің қаулысы қабылданды. Осы жағдайларды ескеріп, байланыста болған оқушылар бар болатын жағдайда, оларға синхронды қашықтан оқыту форматы ұйымдастырылатын болады.

Ата-аналардың өтініштері негізінде созылмалы аурулары бар балаларға медициналық ұйым анықтамалары негізінде асинхронды қашықтан оқыту форматы ұсынылатын болады, – деді вице-министр.

Мектептерде оқу процесі қатаң түрде санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілетін болады. Ол үшін білім беретін мекеме төмендегі талаптарды сақтау тиіс.

  • күнделікті термометрия;
  • маскалық режим, кварцтау, желдету, дезинфекциялау;
  • бастауыш, орта, жоғары сыныптарды дәлізде араластырмау үшін әр уақыттағы үзілістер;
  • ауысымдар санын арттыру;
  • педагогтер мен мектептің басқа да қызметкерлерін 100% вакцинациялау (медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда);
  • бір сыныпқа бір кабинет бекіту жүйесі жүргізіледі.
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи