Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандар саны 13-ке жетті

/image/2021/08/28/crop-155_24_387x516_74.jpg

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 13-ке жетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі. 

Жамбыл облысында жарылыс болған аумақта  тағы бір адамның денесі табылды. Оның жеке басы анықталып жатыр.

Жарылыс кезінде төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болған. Салдарынан жалпы саны 13 адам қаза тапты. Олардың арасында өрт сөндірушілер, төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің, әскери күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар. Әскери бөлімнен жарты шақырым жердегі Қайнар ауылындағы үйлер бүлінген.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи