Шымкенттік тұрғыннан 264 келі қарасора тәркіленді

/image/2021/08/31/crop-65_13_516x688_094434320000.jpg

Шымкенттік тұрғыннан 264 келі қарасора тәркіленді. Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тыйым салынған өсімдіктерді өсіру фактісін анықталды.

Полицейлер Қайнар-бұлақ саяжайының тұрғыны өз ауласында құрамында есірткі бар өсімдік  қарасораны ірі мөлшерде өсіргенін анықтады. Тәртіп сақшылары тінту кезінде жалпы салмағы 264 келіден асатын 1426 дана қарасора бұтасын тәркілеп алды.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи