Тәліптерден қысым көрген ауғандар Ұлыбританияда мәңгі тұра алатыны хабарланды

/image/2021/09/01/crop-11_10_528x951__120310867_gettyimages-1336698025.jpeg

"Одақтас ауғандар Ұлыбританияға біржола көшіп кете алады" деп хабарлады британ ішкі істер министрлігі.

Ұлыбритания 13 тамыздан бастап Ауғанстаннан қоныс аудару және көмек саясатына құқылы 8000-нан астам адамды эвакуациялады.

Бірақ ағылшын саясаткерлері Ауғанстанда қалып қойған, өміріне әлі де қауіп төніп тұрған көптеген ауғандар үшін не істеу керек екенін талқылап жатыр. Британия әскері тамыздың соңында Ауғанстаннан кетіп, Ауғанстандағы 20 жылдық әскери миссиясын аяқтаған.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Доминик Рааб Ауғанстанда қалған Ұлыбританияға келуге құқылы адамдардың саны туралы "нақты" ақпарат айта алмайтынын мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігі "Жылы қарсы алу операциясы" деп аталатын жоспары туралы толығырақ мәлімдей отырып, Ұлыбританияға келген ауғандардың өмірін қалпына келтіруге көмек бергісі келетінін айтты.

"Ауғанстандық қоныс аудару және көмек саясаты" бұрынғы келген ауғандарға арналған саясат болатын. Ол саясат бұған дейін Ұлыбританиядағы жергілікті жұмыспен қамтылған ауғандар мен олардың отбасыларына арналған. Олардың өміріне Талибаннан қауіп бар деп бағаланған.

Бұған дейін Ұлыбританияға уақытша тұруға рұхсат берілгендер енді иммиграциялық статусын өзгерте алады. "Бұл құқықтар тәліптерден қысым көрген ауғандарға Ұлыбританияда шектеусіз тұрақты жұмысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді" деп мәлімдеді ағылшын үкіметі.

Ал премьер-министр Борис Джонсон Ауғанстанда қарулы күштермен жұмыс істегендерге Ұлыбритания үлкен қарыздар екенін айтты.

"Мен оларға және олардың отбасыларына Ұлыбританияда өмірлерін қалпына келтіру үшін қажетті қолдау көрсететінімізге сенімдімін. Мен бұл өте қиын уақыт болатынын білемін. Оларға британиялықтар бұрынғыдай қолдау мен жомарт жүректерін сыйлайды деп  үміттенемін" деді Борис Джонсон. 

Бұған дейін демократиялық Батыс елдерінің саясаткерлері тәліптерден зардап шеккен халыққа көмектесу саясатын әзірлеп жатқаны жарияланған. Германия әлі де 40 мың ауғанды қабылдайтынын мәлімдеді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи