Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

/image/2021/09/01/102555210600.jpg

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі болып Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев тағайындалды.  Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді. 

"Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалсын" делінген хабарламада. 

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист, бакалавр академиялық дәрежесімен менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі атанған.

Еңбек жолын алғаш 1998 жылы ҚР статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған. 2021 жылғы сәуір-шілде аралығында  қаржы вице-министрі, 2021 жылғы шілде айынан бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы болып қызмет етті.

Бұған дейін ведомствоны басқарған Сапархан Омаров 10 шілде күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң отставка кеткен. Үкімет отырысында президент экс-министр қуаңшылық орнап, мал қырылып жатқанда қажетті шара жасай алмағанын айтып, жұмысын сынға алған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи