Ауғанстанның Герат қаласында 70-ке жуық әйел құқығын сақтауды талап етіп, наразылыққа шықты. Бұл туралы Daily Mail сайты хабарлады.
Митинг ұйымдастырушы Фрибе Кабрзани әйелдердің жаңа үкіметтегі министрлер кабинеті мен ақсақалдар кеңесіне қосылуға мүмкіндігі болуы керек деп санайды. Ол ауған әйелдері қазіргі жағдайға қол жеткізу үшін көптеген құрбандыққа барғанын, осы мүмкіндіктен айырылғылары келмейтынын айтады.
– Білім, қауіпсіздік және жұмыс, бұл – біздің негізгі құқықтарымыз. Біз жаңа үкімет бізді естігенін қалаймыз, өз құқығымызды сақтағымыз келеді. Қазірдің өзінде көптеген әйелдер өлімнен қорқып, наразылық білдіруге шықпады, – дейді белсенді әйелдер.
Герат тұрғыны Басир Тагер тәліптер елдегі маңызды шешімдер қабылдар уақытта әйелдермен кеңесуі керектігін атап өтті. Алайда олар жаңа басшылықтың жиналыстарына мүлдем қатыстылырмайтынын айтады.
Ал жас ауғандықтардың сөзінше, Тәліптер оларға жұмысқа баруды шектесе, жұмыс берушілер оларды әйел болғаны үшін жұмыстан шығарып жатыр.
Бұған дейін 2 қыркүйекте Тәліптер жаңа үкіметте әйелдер негізі және жоғары лауазымдарға ие болмайтынын мәлімдеген болатын.
Оставить комментарий