Нұр-Сұлтанда кешкі уақытта жүгіруге шыққан әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 3 қыркүйек сағат 19:34-тер шамасында болған. 102-арнасына жас жігіттің әйелді зорлауға тырысқаны және оның белгісіз бағытқа қашып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында 42 жастағы әйел Б.Момышұлы көшесінің бойымен жүгіруге шыққаны анықталды. Кейін ол соңынан ер адамның еріп келе жатқанын байқаған. Жәбірленушінің айтуынша, күдіктінің қолында екі пакет болған. Белгілі болғандай, күдікті өз ойын іске асырмақ болып, киімін ауыстырып, жасырынуды ойлаған.
Полицейлер күдіктінің ішімдік ішкен 20 жастағы жігіт екенін анықтады. Ол мас күйінде әйелді қуып жетіп, оны жерге құлатып, дөрекі күш қолданған. Көшедегі кездейсоқ жолаушылар әйелдің айқайын естіп, көмекке келген. Оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні полиция департаментінің жеке құрамы ізін суытпай ұстады.
Қазір аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оставить комментарий