Денсаулық сақтау министрлігі 6 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 3583 адамнан коронавирус, 12 адамнан пневмония анықталған. 5 қыркүйектегі 64 адам коронавирустан, 15 науқас пневмониядан көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 820 479-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 71 304.
7 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 90 160 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 19 279 пациент стационарда, 70 881 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
1479 адамның жағдайы ауыр, 387 пациенттің жағдайы өте ауыр, 209 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бүгінде коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта Түркістан облысы тұр.
"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары бар.
Ал "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары бар.
7 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 882 241 адам, 2-компонентін 5 711 392 адам салдырған.
Оставить комментарий