"100 млн адамды қамтиды". Байден вакцина мен тестті талап ететін жаңа шараны жариялады

/image/2021/09/10/crop-12_4_555x1002_p09vkx3j.jpeg

АҚШ президенті Джо Байден америкалық ірі компаниялардың жұмысшыларын вакциналауды немесе апта сайынғы тестілеуден өтуді талап ететін жаңа Ковид-19 шаралары туралы жариялады.

Бұл шараға федералды үкіметтің миллиондаған қызметкеріне вакциналық мандат та кіреді.

Ақпараттар бойынша, вирустың Delta нұсқасының тез таралуына байланысты бірнеше штаттағы ауруханалар қабылдау шегіне жеткен.

Жаңа талаптар 100 миллионға жуық жұмысшыны қамтиды.

"Бұл еркіндік немесе жеке таңдау туралы емес, бұл өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғау туралы" деді президент өз жоспарын жариялағанда.

Өткен жылдан бері 650-мыңнан астам америкалық Ковид-19-дан көз жұмған. Қазірге дейін АҚШ-та шамамен 80 миллион адам вакцина салдырмаған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи