Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды хабарлады. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
– Қазақстанда кейінгі екі аптада ауру жұқтыру көрсеткіші 35 пайызға азайды. Ал кейінгі аптада Қазақстанда ауру деңгейі 14 пайызға төмендеген: аптасына 31 мыңнан 25 мыңға дейін, – деді Цой.
Министр ДДСҰ бағалауы бойынша, республикада репродуктив сан кейінгі төрт аптада 1-ден төмен, яғни пандемия бақылауда, сырқаттанудың тұрақты төмендеуі байқаланы.
– Оң динамика эпидахуал матрицасына да әсер етті: кейінгі екі аптада 5 аймақ "қызылдан" "сары" аймаққа өтті. Ол: ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, БҚО және СҚО. "Жасыл" аймақта - Түркістан облысы. Қалған 11 өңір "қызыл" аймақта, – деді ол.
Оставить комментарий