Ауғанстаннан келген 35 этникалық қазаққа 204 мың теңгеден бөлінеді

/image/2021/09/14/crop-126_6_558x743_10.jpg

Ауғанстаннан келген 35 этникалық қазақтың әрқайсысына 204 мың теңгеден бөлінеді. Сонымен қоса, жыл бойы ай сайын 87 мың 500 теңге көмек көрсетіледі. Бұл – баспана жалдау үшін берілетін көмек, деп хабарлады 31 телеарна.

Этникалық қазақтар Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанса ғана алады. Дипломы бар адамдардың мамандық бойынша жұмысқа тұруына да көмек көрсетіледі. Ал білімі жоқтарды арнайы курста оқыту көзделген.

– Барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазір министрлік тарапынан ол кісілерді тұрақтандыру туралы жұмыс жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи