Қазгидромет ауа райының өзгеруіне байланысты ескерту жариялады.
Күндіз 15 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с болатын жел күтіледі. Ақмола облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жел соғуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Күндіз 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Оставить комментарий