Қытайға қарсы Ұлыбритания, АҚШ және Австралия бірге әрекет ету туралы келісімге қол қойды

/image/2021/09/16/crop-4_3_460x776_eea33407-2365-4daa-9d18-543f8258b98f-780x470.jpeg

Ұлыбритания, АҚШ және Австралия Қытайға қарсы тұратын озық қорғаныс технологияларының арнайы қауіпсіздік келісімін жариялады.

АҚШ президенті Джо Байден, Ұлыбритания премьер -министрі Борис Джонсон және олардың австралиялық әріптесі Скотт Моррисон "Aukus" деп аталатын жаңа қауіпсіздік серіктестігінің басталуы туралы бірлескен мәлімдеме жасады.

Бұл серіктестік Австралияға алғаш рет ядролық сүңгуір кемелер жасауға мүмкіндік береді.

"Aukus" деп аталатын келісім жасанды интеллект, кванттық технологиялар мен киберқауіпсіздікке де қатысты болады.

Үш ел Қытайдың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы ықпалы мен әскери күшінің артуына алаңдаулы.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи