Жамбылда жол апатынан 6 адам қайтыс болды (видео)

/image/2021/09/23/crop-17_13_650x1156_whatsapp-image-2021-09-23-at-100034.jpeg

Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Оқиға 23 қыркүйек таңғы сағат 06:00-лер шамасында Байзақ ауданының "Алматы-Ташкент" тас жолының 476 шақырымында болған. "Audi-А4" және "Toyota Camry" көліктері соғтығысып, салдарынан 6 адам оқиға орнында көз жұмды. "Toyota Camry" көлігінің екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған іс қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жол-көлік оқиғасы себебі анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи