Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Г. Даулетова карантинді күшейту туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Құжатқа сәйкес:
- Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);
- жұмыс күндері үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);
- Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.
- Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады;
- жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);
- Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);
- Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ, отбасылық, салтанатты, естелік, садақа және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда);
- Көрмелер, марафондарға тыйым салынады ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда).
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Оставить комментарий