Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдырахман Сақтағанов 425 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Астана телеарнасы.
Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, шенеунік медициналық компания өкіліне қолдау мен қамқорлық көрсету үшін бір мың АҚШ долларын алған. Бұл әрекеті үшін оған қандай жаза тағайындалатыны әзірге белгісіз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Айта кету керек, күдікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне былтыр ғана тағайындалған. Ал оған дейін бірқатар аурухананың бас дәрігері қызметін атқарып келген.
Осы ақпаратқа сай Чиновник телеграм каналы мынандай хабарламаны жариялады.
"Петропавлда 1962 жылы туған "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ басшысы Сақтағанов Қабдрахман Еркенұлына қатысты ҚР ҚК 366-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол "ЧНУ Денсаулық" медициналық мекемесінің директоры Қарабаева Айнагүл Серекбайқызынан жалпы қамқорлығы үшін $1000 АҚШ көлемінде пара алды. Сақтағанов Петропавл қаласының УҰИ-не қамалды" делінген хабарламада.
Оставить комментарий