Денсаулық сақтау министрлігі 29 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2252 адамнан коронавирус, 156 адамнан пневмония анықталған.
28 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 36, пневмониядан 11 адам көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 884 886-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 75 692.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 623 541 адам, 2-компонентін 6 545 254 адам салдырған.
30 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 61 356 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 10 343 пациент стационарда, 51 013 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
805 адамның жағдайы ауыр, 212 пациенттің жағдайы өте ауыр, 135 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар облыстары "Қызыл" аймақта орналасқан.
Шымкент қаласы, Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.
Оставить комментарий