Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды

/image/2021/10/02/crop-96_3_459x612_1633104791.jpg

Алматыда 2 қазаннан бастап жылу беріледі. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық болжамдар мен қаладағы ауа райының күн сайынғы мониторингіне байланысты биыл жылыту маусымы ертерек басталады.

"Қолайлы жағдайды талап ететін ұйымдардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып, ең алдымен жылу жүйесіне денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен басқа да әлеуметтік нысандар қосылады", делінген таратылған хабарламада.

Жылу көппәтерлі тұрғын үйлер, содан соң жылу энергиясының басқа да тұтынушыларына беріле бастайды. Әкімдіктің хабарлауынша, жылу көздері, газ желілері, қазандықтар жылу беруге 100% дайын. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи