Ауғанстан азаматтарына шекараны кесіп өтуге көмектескен қазақстандық ұсталды

/image/2021/10/02/crop-165_10_535x713_1160fa4842edee07178cab8630ed06d9-1000x_.jpg

Қостанай облысында Ресеймен шекараны заңсыз кесіп өтпек болған екі ауған азаматы ұсталды. Оларға Қазақстан азаматы  көмектескен, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Материалдық сыйақы үшін Ауғанстанның екі азаматын Қостанай облысының Қарабалық ауданына жеткізіп, Ресейге кетуге көмектескен Қазақстан азаматы ұсталды" деп жазылған хабарламада.

Ұсталған ауған азаматының біреуінде ешқандай құжат жоқ. Сот шешімімен ол Қостанай қаласы полиция басқармасының қабылдау-бөлу орталығына қамалды.

Оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 394-бабы 1-тармағына (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) сай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Шетелдіктерге көмектескен Қазақстан азаматын ірі айыппұл, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге абақтыға жабу жазасы күтіп тұр.

Еске салсақ, Талибан қозғалысы өткен айда Ауғанстанды "Ислам әмірлігі" деп жариялап, уақытша үкімет құрды. Көптеген ел өз азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялады, оның ішінде Қазақстан да бар.




Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи