Денсаулық сақтау министрлігі 7 қазандағы эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 1896 адамнан коронавирус, 187 адамнан пневмония анықталған.
06 қазандағы дерек бойынша, елде коронавирустан 37, пневмониядан 6 адам көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 900 121-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 76 906.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 810 611 адам, 2-компонентін 6 828 545 адам салдырған.
8 қазандағы мәлімет бойынша, 54 850 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 469 пациент стационарда, 45 381 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
717 адамның жағдайы ауыр, 207 пациенттің жағдайы өте ауыр, 136 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта орналасқан.
Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта – Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Оставить комментарий