IKomek 109 орталығы қала тұрғындарының жоғалған заттарын табуға жәрдем береді. Бұл орталық мемлекет басшысының халықпен кері байланыс орнатуды күшейту туралы тапсырмасына сәйкес қала әкімінің бастамасымен осыдан 1 жыл бұрын ашылған еді. Қазіргі таңда мекемеде 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.
IKomek 109 орталығы жоғалған заттарды табуға көмектеседі. Бұл орталық қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен осыдан 1 жыл бұрын ашылған болатын. Мекемеде 50 қызметкер халыққа қызмет көрсетіп жатыр.
IKomek бүгінде қала тұрғындарының қоғамдық көліктерде, адамдар көп шоғырланған жерлерде жоғалған заттарын табуға көмектнседі. Себебі, соңғы уақытта мұнда тұрғындар тарапынан қолындағы мүлкінен көз жазып, іздеп хабарласушылар көбейген.
Орталық тек адамдардың көз жазып қалған дүниелерін емес, үйіне оралмай кешігіп жатқандар жасөспірім оқушыларды да тауып береді екен. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қоңырау соғу арқылы барлық қоғамдық көліктерге дабыл қағады. Ал сала мамандары тұрғындар арасында ең көп жоғалатыны сөмке мен әмиян дейді.
Қазіргі күнге дейін 600-ден астам жоғалған заттар табылған. Оның ішінде 250-ге жуығы сөмкелер, әмияндар. 150-ге жуық құжаттары бар файлдар, папкалар мен 72 төлем карталары табылған.
Алайда осы бір мүмкіндікті пайдаланып, алаяқтыққа баратындар да жоқ емес. Бөтен адамның мүлкін өз меншігім деп, айласын асырмақшы болғандар оқта-текте кездесетін көрінеді. Дегенмен орталыққа хабарласып, алғыстарын айтатын тұрғындар да баршылық.
Сала мамандары жақында «Аманат» деп аталатын қосымша іске қосылатынын айтады. Бұл бағдарлама мүлкін жоғалтып алған және заттарды тауып алған адамдарды байланыстыратын көпірге айналмақ.
Оставить комментарий