12 миллион теңгеден астам қарыз өндіру туралы дау бейбіт жолмен реттелді

/image/2021/10/12/crop-46_2_387x516_26.jpg

Бір ЖШС-і екінші ЖШС-ге 11 748 672 теңге негізгі қарыз сомасын, 617 499 теңге - тұрақсыздық айыбын, 240 000 теңге - өкілдік қызмет ақысын және 370 985 теңге - мемлекеттік баж салығын өндіріп алу туралы талабымен Шымкент қаласының экономикалық сотына жүгінді.

Бұрын серіктестіктер арасында тауар жеткізу туралы шарты жасалған. Дау олардың бірі осы шартты орындамаудан туындаған.

Судья тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығын түсіндірді, оның артықшылықтары туралы айтып берді. Тараптар өз кезегінде татуласуға келіп, келісімге қол қойды. Оның шарттары бойынша жауапкер 9 516 672 теңге, 200 000 теңге тұрақсыздық айыбын және 240 000 теңге өкілдік қызметін 2021 жылғы 30 қарашаға дейін төлеуге міндеттелген.
Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, іс жүргізу тоқтатылды. Талапкердің төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи