«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциясы тұрақты жүргізіліп келеді

/image/2021/10/12/crop-4_160_357x635_whatsapp-image-2021-10-12-at-12.37.15-1.jpeg Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы 2019 жылдан бастап «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциясын тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Партиялық жобаның негізі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасау және оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс көздерімен қамту.

Бекітілген жалпы ережелерге сәйкес, «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциясы тоқсанына 1 рет өткізіледі. Қазіргі уақытқа дейін партияның Шымкент қалалық филиалында 11 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 103 мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау арқылы оның 31%-ы оң шешімін тапты.

Осы мақсатта, бүгін жергілікті әкімшілік пен тиісті мекемелерді ЖҚӘҚБ, денсаулық, білім, тұрғын үй басқармасы т.б. тарта отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесін шешу және талап-тілегін қанағаттандыру мақсатында кезекті тақырыптық қабылдау акциясы ұйымдастырылды.

Шараға партия филиалының басшылары мен бұқаралық ақапарат құралдарының өкілдері қатысты.

Связанные теги :

Связанные Статьи