Шымкент қыс маусымына дайын

/image/2021/10/12/091421884500.jpg

Шымкентте қыс маусымына дайындық жұмыстары қызып тұр. Осы кезде атқарылған шаруалар үлкен апатты ауыздықтайды. Сондықтан жауапты мамандар жұмыла іске кіріскен. Қауіптің алдын алу мақсатында тиісті сала басшылары бас біріктіріп баспасөз брифингін ұйымдастырды.

2020-2021 жылғы жылу беру маусымында қаладағы тұрғын үйлерде 61 өрт тіркелген. Материалдық шығын 132 млн. теңгені құрады. Салдарынан 2 адам қайтыс болып, 4 адам жарақат алған. Тіркелген өрттердің басым бөлігі электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану салдарынан орын алыпты. Оның ішінде газдан улану фактілеріде бар.

Улану оқиғалары тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудан орын алған. Десекте сол құрылғыларды орнатқан және тексерген тиісті мекемелер жауаптан жалтарады екен. Құрылғының қауіпсіздігіне құжат берген мекемелер жауапты сәтте тасада қалады. Кейбірі тұрғын уй иесінен қызметі үшін ақша алғанмен тексеруге келмейді екен. Осы мәселе бүгінгі таңда өзекті.

ТЖД қызметкерлерімен Халықтың арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Іс-шара барысында газ және газбен жабдықтау саласындағы объектілерде өрт қауіпсіздігінің жай-күйі және қамтамасыз етілуі ескертіледі.

Газ және газбен жабдықтау саласындағы объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік және тұрмыста газды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы;газбен байланысты улану жағдайлары туралы және олардың алдын алу шаралары; газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу кезінде талаптардың сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи