Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Абай ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

/image/2021/10/12/crop-4_72_465x620_092858908500.jpg

Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Жадыра Таңатарова, Төреайым Сұлтанова, Сұлтан Қуандық Абай ауданының тыныс-тіршілігімен танысты.

Зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында Самал-3 шағын ауданындағы спорт алаңшалары мен жүргізіліп жатқан кәріз жүйелерінің құрылысымен, Әл-Фараби көшесінің құрылыс жұмыстары мен Тұрлан ш.а. көп қабатты тұрғын үй ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарымен бақылады.

Бұл игі жұмыстар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы негізінде іске асырылып отыр. Сондай-ақ, барлық аудандарда жалғасын табатын болады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи