Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жеке сот орындаушылар алаңында санитарлық талаптарды сақтай отырып семинар өткізді.
Іс-шараны өткізудің мақсаты ӘРПК нормаларын практикада қолдану тәртібін түсіндіру болды.
Семинар жұмысына Шымкент қалалық сотының судьясы Б.Нәсірдінов, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы Б.Әметов және судьялары, жеке сот орындаушылар палатасының басшысы М.Әбдібай мен жеке сот орындаушылар, мемлекет сот орындаушылар және әділет департаментінің өкілдері қатысты.
Баяндамашы судьялар Б.Нәсірдінов, Б.Әметов және А.Дербисова әкімшілік істерді қарау тәртібін түсіндірді, сот практикасынан мысалдар келтірді, проблемалық мәселелерді көрсетті және жария-құқықтық даулар бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізу, татуласудың артықшылықтары мен әкімшілік қалауы туралы айтып берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша жеке сот орындаушылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қызығушылық танытқан сұрақтарын қойып, соттардың диалогқа дайындығы үшін алғыстарын білдірді.
Әкімшілік істер бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері мен ӘРПК кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.
Оставить комментарий