Қала соттарының қызметкерлеріне, арнайы шақыртумен келген Қазақстан психологтар лигасының мүшесі, кәсіби психолог Лимана Қойшиева, психологиялық семинар-тренинг өткізді.
Маманның айтуынша, халықпен жұмыс істейтін адамдарда эмоционалды шаршау басыңқы болады. Себебі, мемлекеттік органдарға, оның ішінде соттарға, адамдар түрлі мәселелерімен барады. Олардың жай-күйі сот қызметкеріне әсер етпей қоймайтыны белгілі.
Оған қоса, күнделікті қайталанатын күйбең тіршілік адамның жұмыс қабілетін төмендетеді екен. Сондықтан, ара-тұра сергіп, көңіл-күйді жайландырып тұру маңызды.
Сот қызметкерлері психологпен бірге жұмыстан бос уақытта эмоционалды интеллектіні жақсы бағытқа бұруға арналған түрлі жаттығулар жасады.
Оставить комментарий