6 миллион теңге қарыз ақшаны өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

/image/2021/10/12/crop-76_11_387x516_095825911900.jpg

Азамат М. 6 000 000 теңге қарыз өндіріп алу туралы талабымен Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотына сотына жүгінді. Жауапкер қарыз ақшаны 2021 жылдың 03 маусымына дейін қайтаруға міндеттеме алған және ол туралы қолхатта көрсеткен.

Алайда, жауапкер А. өз міндетін орындамауына байланысты, талап қоюшы сотқа жүгінуге мәжбүр болған. Судья тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығын, оның артықшылықтары мен салдарын түсіндіруінің нәтижесінде, тараптар ортақ келісімге келді. Оның шарттары бойынша, жауапкер 6 000 000 теңгені 2021 жылдың 10 қазанына дейін қайтаруға міндеттеме алды.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім заң талаптарына қайшы келмегендіктен және үшінші тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтірмегендіктен, сот оны бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты.

Сотқа жүгінген кезде талапкермен төленген мемлекеттік баж салығы оны төлеушіге қайтарылды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи