Балалар арасында жоспарлы екпенің маңыздылығы түсіндірілді

/image/2021/10/28/crop-25_144_521x925_b169a45f-f7e1-4dfd-a7d0-ef2e1071d7b7.jpeg

Шымкентте денсаулық сақтау ұйымдарында медицина қызметкерлері балаларға Манту сынамасы, БЦЖ (туберкулезге қарсы) және 16 жастағы жасөспірімдер арасында АДС-М (дифтерия, сіреспеге қарсы) екпе жүргізу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Шымкент қалалық №6 емхананың дәрігерлері мектеп медбикелері және ата-аналармен жоспарлы екпе қабылдау бойынша кездесулер өткізді.

— Балалар және жасөспірімдер арасында жоспарлы екпені қабылдаудың маңыздылығы бойынша емханаға қарасты жеті мектептің мейіргерлерімен басқосу ұйымдастырдық. Сондай-ақ №136, 137 жалпы білім беретін мектептерде ата-аналармен кездесіп, балаларға салынатын екпенің қажеттілінін түсіндірдік. 100-ге жуық ата-ана қатысты. Балаларға егілетін екпеге қарсы болып келген ата-аналар түсіндіру жұмысынан кейін өз келісімдерін берді, — дейді емхананың бөлім меңгерушісі Лаззат Құрбанова.

Айта кетейік, түсіндіру жұмысы емханаға қарасты №87,56,52,51,77 мектептерде санитарлық талаптарға байланысты ZUM платформасы арқылы онлайн өтті.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи