Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарылды

/image/2021/10/29/crop-81_-2_694x925_065151293700.jpg

Шымкент қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 2021 жылы бірқатар жұмыстар атқарылды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е. Жолдасовтың айтуынша, 9 айдың қорытындысы бойынша 5 орында жаңа бағдаршам, 10 орында белсенді жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды.

Шаһарда асфальт жолдың жалпы ұзындығы – 2029,2 шақырым. Жыл басынан бері қалада көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды. 150 шақырымды термопластикпен, қалған 65 шақырымды акрильді краскамен сызу жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, Абай ауданы бойынша 12 орында, Әл-Фараби ауданында 36 орын, Еңбекші ауданында 17 және Қаратау ауданы аумағында 3 орында жол таңбаларына кедергі келтіретін ағаш орындары ауыстырылды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи