29 жастағы ер адам Қарағандыда жеке компания директорына тапаншадан оқ атқан, деп хабарлады Polisia.kz сайты.
Қарағанды қаласы полиция басқармасы Орталық полиция бөліміне сауда кәсіпорындарының бірінде қарулы қақтығыс болғаны туралы ақпарат түскен.
30 жастағы кәсіпорын директоры белгілі бір адаммен жанжал болғанын айтады. Жанжал барысында күдікті компания басшысына "Оса" травматикалық тапаншасынан оқ атқан. Жәбірленуші жарақаттанып, медицина мекемесіне жүгінген. Бірақ ауруханаға жатудан бас тартқан.
Полиция қызметкерлері 29 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстаған. Травматикалық тапанша тәркіленіп, күдікті өз кінәсін мойындаған.
Аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабы "Қаруды заңсыз сақтау немесе алып жүру" бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Оставить комментарий