Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанның ластану деңгейі жоғары 10 қаласын атады. Бұл туралы министр үкімет отырысында мәлімдеді.
– Атмосфералық ауа мониторингіне сәйкес, 45 өнеркәсіптік қаланың 10-ы атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары, – деді министр үкімет отырысында.
Оның айтуынша, жоғары ластануға жабдықтардың тозуы, зауыттардағы шаң тазарту қондырғылары жұмысының тиімсіздігі, жаңғырту мен қайта құру жұмыстарының жүргізілмеуі, көмір пайдалануы себеп болып отыр.
– Қалдықтармен жұмыс істеу саласында ҚТҚ полигондарының санитарлық және экологиялық талаптарға сай болмауы, ҚТҚ өңдеудің төмен деңгейі және апатты қоқыс тастайтын жерлер өткір проблема болып отыр, – деп толықтырды Брекешев.
Оставить комментарий