Бүгін Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот талқылауы басталды. Сот Алматының аса ауыр қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде өтеді.
– Істі қарау сағат 10-ға жоспарланған. Іс шамамен 30 томнан тұрады, 30-ға жуық сараптама жасалды, – деді Аяжан отбасының өкілі Қадыржан Ғалымжанұлы.
Адвокат іске қатысты өзге мәлімет бермеген.
Іс сотқа 20 қазанда түскен. Алдын ала тыңдауда сотталушы алқабилер сотынан бас тартты. Енді тәртіпке сай үкімді судья шығарады.
Еске салсақ, 2021 жылдың 19 наурызында жұмыстан шықан Аяжан Еділова, сол күйі үйіне оралмаған. Қыздың жоғалғаны туралы хабар 20 наурызда тарады. Таныстары оны соңғы рет жұмыста көрген. Іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылып, 22 наурызда оны аса қатыгездікпен өлтіргені белгілі болды. Бойжеткеннің бөлшектенген денесі Нұркент ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылған.
Аяжанның өліміне күдікті ретінде ер адам ұсталған. Ол жәбірленушімен бірге кіреберісте бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Күдікті 1993 жылғы Түркістан облысында тумасы.
Оставить комментарий