Польша премьер-министрі мигранттар дағдарысына Путинді кінәлайды

/image/2021/11/10/crop-8_7_479x725_unnamed.jpeg

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецки Ресей президенті Владимир Путинді Беларусь пен Польша шекарасындағы мигранттар дағдарысының артында тұр деп айыптады.

Моравецки дағдарысты Мәскеу ұйымдастырып жатқанын айтады. Ол шекарадағы жағдай үшін Беларусьтің авторитарлық көшбасшысы Александр Лукашенконың одақтасы Путин кінәлі екенін мәлімдеді.

Польша-Беларусь шекарасында кем дегенде 2 мың мигрант аязды жағдайда тұрып қалған.

Ал Беларусь басшысы Александр Лукашенко "Еуроодақ санкцияларынан кек алу үшін шекарадан адамдарды жіберіп жатыр" деген айыптауларды жоққа шығарады.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи