АҚШ судьясы Капитолийдегі тәртіпсіздікке байланысты Дональд Трамптың Ақ үйдегі кейбір жазбаларына қол жеткізуге рұқсат берді. АҚШ конгрессі комитеті бұрынғы президенттің тәртіпсіздікке қатысын тергеп жатыр.
Ал Трамп бұл материалдар "Ақ үйдегі кейбір хабарламалардың құпиялығын қорғайтын атқарушы артықшылықтарға жатады" дейді.
Тергеу Трамптың тәртіпсіздікті алдын ала білген-білмегенін анықтауға тырысуда.
Шешім Трамптың 10 көмекшісіне заң шығарушылар алдында куәлік беру үшін заңды шақыру қағазы берілген күні шықты.
Трамптың жүздеген жақтасы осы жылдың 6 қаңтарында Капитолий ғимаратына басып кіріп, президент Джо Байденнің сайлаудағы жеңісінің ресми куәлігін бұзған.
Өкілдер палатасының комиссиясы телефон жазбаларын, келушілер журналы мен Ақ үйдің басқа да құжаттарын көргісі келеді.
Бұрынғы президент құжаттарды жасыру туралы бұйрық беруді сұраған.
Оставить комментарий