Covid-19. Бір тәулікте 33 адам көз жұмды, 136 пациенттің жағдайы өте ауыр

/image/2021/11/11/crop-23_40_643x1142_755913455826440.jpeg

Өткен тәулікте ПТР тест арқылы 1219 адамнан коронавирус, 176 адамнан пневмония анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

9 қарашадағы дерек бойынша бір күнде 29 адам коронавирустан, 4 адам пневмониядан көз жұмған.

Елде ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың ресми саны 952 886-ға жетті. оның ішінде 12 349 адам індеттен көз жұмған. 2020 жылғы 1 тамыздан бері 80 753 адам пневмонияға шалдыққан. Оның 5080-і қайтыс болған.

11 қарашадағы мәлімет бойынша, 37 594 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 879 пациент стационарда, 30 715 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 505 адамның жағдайы ауыр, 136 пациенттің жағдайы өте ауыр, 97 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сай, 2021 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары – "Сары" аймақта. Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "Жасыл" аймақта.

11 қарашадағы мәлімет бойынша елде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 478 672 адам, II компонентін 7 753 142 адам салдырған.

Бүгін түнде Қазақстанға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Covid-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Келісім шеңберінде Қазақстанға вакцинаның 4 млн дозасы әкелінбек.

Вакцина 12 жасқа толған балалар мен жүкті әйелдерге салынады деп жоспарланған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи