Қазгидромет 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады. Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Солтүстік өңірлерде қар түрінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.
"17-18 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын күтіледі, 18 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы солтүстік-батыста түнде 12-17 градусқа дейін аяз, күндіз 7-12 градусқа дейін аяз, солтүстікте, орталықта түнде 13-20 градусқа дейін, күндіз 5-15 градусқа дейін аяз, шығыста түнде 6-18 градусқа дейін аяз, күндіз 1-10 градусқа дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5-13 градусқа дейін аяз, күндіз 5 градусқа дейін жылы болады", делінген хабарламада.
Оставить комментарий