Шымкентте «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралары өтеді

/image/2021/11/17/crop-13_156_558x991_whatsapp-image-2021-11-17-at-15.20.55.jpeg

Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралары өтеді. Бұл 17 қараша мен 17 желтоқсан аралығын қамтиды. Жоспар бойынша әр  күнге өзіндік атаулар беріліп, атауларға сәйкес мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ.Жоспар негізгі 6 бағытқа бөлінді.

Олар:

• «Ұлттық құндылықтарды дамыту бағыты» - 15 іс-шара;

• «Білімді жастарды қолдау бағыты» - 13; 

• «Мәдениет саласын дамыту» - 22;

• «Кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру бағыты» - 8;

• «Азаматтарды әлеуметтік қолдау бағыты» - 7;

• «Мерекеге орай ашылатын нысандар» - 31.

Сонымен қатар, әр күннің өзіндік атауларын Тәуелсіздік жылдарымен байланыстыра отырып, республикалық және жергілікті БАҚ-та кеңінен насихаттау жүргізіледі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан айтты.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Оставить комментарий

Связанные Статьи