Қазақстандықтар желтоқсан мен қаңтарда қанша күн демалады?

/image/2021/11/19/crop-78_5_581x774_11111.jpg

2021 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтарды бірнеше мереке күтіп тұр. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн, алты күн жұмыс істейтіндер 7 күн демалады. 

Желтоқсанда екі мемлекеттік мереке бар – Тұңғыш президент күні және Тәуелсіздік күні. 

Осыған байланысты елде 1 және 16-17 желтоқсанда мереке тойланады. Екі мерекеден кейін, 18 және 19 күні сенбі және жексенбі болғандықтан, қазақстандықтар қатарынан 4 күн демалады. 

2021 жылдың соңғы күні – 31 желтоқсан жұмыс күні саналады. Ол күн жұмаға сәйкес келгендіктен 1, 2, 3 және 4 қаңтар күні қатарынан демалыс болады. 

Ал 7 қаңтар Рождество меркесі жұмаға сәйкес келеді, сондықтан 7,8,9 демалыс күні болады. 

Елде желтоқсан айында ұлттық мейрамдардан бөлек, кәсіби мерекелер де атап өтіледі:

6 желтоқан – прокуратура күні;

Желтоқсанның үшінші жексенбісі – энергетик күні;

20 желтоқсан – мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні;

22 желтоқсан – архивші күні. 

2022 жылы қазақстандықтар 245 күн жұмыс істеп, 120 күн демалады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи