Ұлттық банк алаяқтар көбейіп кетуіне байланысты мәлімдеме жасады

/image/2021/12/01/crop-5_17_501x890_1597288943_l.jpg
Ұлттық банк ақша жымқыру мақсатында азаматтардың жеке деректеріне ие болу үшін Ұлттық банк қызметкері ретінде қоңырау шалатын алаяқтар көбейе бастағаны туралы мәлімдеме жасады.

"Қастық ойлағандар телефон арқылы байланысқан кезде банк шотының нөмірлері мен несиенің бар-жоғы туралы ақпаратты сұрайды. Сонымен бірге, «техникалық мониторинг» мақсатында деген желеумен азаматтардан төлқұжат деректерін, атап айтқанда, ЖСН мәліметтерін білгісі келеді. Алаяқтар, сонымен қатар тексеру үшін деп шот ашуды немесе тестік-режимде несие алуға өтініш беруді және үшінші тараптың шотына ақша аударуға үндейді.

Ұлттық Банк ақша жіберіңіз деген электронды хаттар мен белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді. Белгісіз банк шоттарының реквизиттері көрсетілген аяқ асты ақшаға тап боласыз деген хабарлама немесе телефон қоңырауы көбінесе алаяқтардың әрекеті болып шығады" делінген ақпараттық хабарламада.

Сондай-ақ Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жасамайтынын ескертті.

Ұлттық Банкте шоттарды тек қана Ұлттық Банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылады.

"Ұлттық банктен" ақша аударыңыз деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыздану қажет" дейді банк өкілдері.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи