Лукашенко мәлімдемесі: Беларусь пен Ресей интеграцияның жаңа деңгейіне өтпек

/image/2021/12/02/crop-44_157_864x1536_glcvrhp7g.jpeg
Беларусь президенті Александр Лукашенко ресейлік РИА "Новости" басылымына берген сұхбатында Ресеймен ортақ валюта енгізу мәселесінде рубльді қолдануды құптайтынын айтып, ортақ валютаға көшу бұрын-соңды болмаған интеграцияның жоғары деңгейін көрсететінін атап өтті.
 
– Бұл – біз бұрын-соңды келмеген интеграцияның жаңа деңгейі. Соған жеткенде шешім қабылданады. Ортақ валютаға кезең-кезеңмен келуіміз керек, сондықтан әрекет етейік. Міне, ресейлік рубль тұр. Біз кезінде Ельцинмен (Ресей федерациясының тұңғыш президенті - ред) ортақ валюта туралы келісім жасағанымызда беларусьтік те, ресейлік те емес, үшінші валюта болатынын айтқанбыз. Бірақ бүгінде біз де, сіздер де (Ресей - ред.) рубльді қолданып отырғанда басқасын ойлап табудың керегі қанша? Оған атау беріп жүреміз бе, одан да рубль-ақ бола берсін, – деді ол.

Бүгінде ресми Минск беларусь рублін, Мәскеу Ресей рубльін қолданады. Екі валютаның бағамы шамалас.

4 қарашада қос елдің президенті екіжақты одақтастық бағдарламасы аясында интеграциялық дектерке қол қойған. Келісімді жүзеге асыру ондаған заңнамалық өзгерістерді қажет етеді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи