Сапарбаев өзінің жалақысы туралы сұраққа жауап берді

/image/2021/12/07/crop-39_15_406x541_4dcdeadd0d12cff291be3d4688d.jpg

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзінің жалақысына қатысты сұраққа жауап берді.

Брифинг кезінде БАҚ өкілдері Жамбыл облысының басшысынан айына қанша жалақы алатынын сұрады.

– Бұл менің әріптестеріме қойылып отырған алғашқы сұрақ емес. Менде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы үкімет қаулысы негізінде еңбек өтіліне байланысты белгіленетінін қайталағым келеді. Мен әріптестеріммен бірдей жалақы аламын, - деді Бердібек Сапарбаев. 

Айта кетері, бұған дейін Ulysmedia.kz басылымы Бердібек Сапарбаевтың екбекақысы 865 180 теңге екенін хабарлаған болатын.


Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи