Ұлттық санақ қорытындысы: Қазақтардың үлесі 70,18 пайызға жетті

/image/2021/12/08/crop-13_115_664x1181_bmkldaks.jpg

Биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелеріне сай, Қазақстан халқының жалпы саны – 19 169 550 адам. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин президент Қ.Тоқаевтың қабылдауында болғанында мәлім етті.

Маминнің дерегінше, 19 169 550 адамның 48,71 пайызы – ер, 51,29 пайызы әйел.

Қазақстан халқының орта жасы – 31,94 жас.

Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен.

Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи