"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова 200 мыңға жуық салымшы өздерінің біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша өз құқықтарын іске асыруға мүмкіндік алғанын мәлімдеді.
– Халық үніне құлақ асатын, еститін мемлекет – расында бұл шындық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұлғайтпауды тапсырды. 2 желтоқсаннан кейінгі www.enpf-otbasy.kz платформасында қабылданған өтініштердің статистикасын көрсетейін. Ол датаға дейін біз штаттық режимде жұмыс жасадық және күн сайын 2 мыңнан 2.5 мыңға дейін өтініш қабылдадық, – деді ол.
Өтініштерді қабылдау статистикасы:
3 желтоқсан-21 500
4 желтоқсан-15 095
5 желтоқсан-7 789
6 желтоқсан-38 478
7 желтоқсан-34 417
8 желтоқсан-31 441
9 желтоқсан сағат 18:30 - 20 699 өтініш және кешке дейін тағы қабылданады.
Осылайша, еңбекке қабілетті 170 мыңға жуық қазақстандықтар дәл осылайша бір аптаның ішінде өтініш берген.
Басқарма төрағасының сөзінше, өтініш берушінің қаражатты мақсатты пайдалануын растауға арналған 45 жұмыс күні бар. Егер ақша бүгін түссе, желтоқсандағы мерекелерді ескере отырып, 20 ақпанға дейінгі уақыт бар деген сөз.
– Екінші жаңалық – біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер қабылдау процесі жылдамдатылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұйрықты мерзімінен бұрын жариялауды жоспарлап отыр. Біздің клиенттер үшін ережеге енгізілген бұл өзгерістер жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз өз клиентімізді жақсы көреміз және оларды қашан да қолдауға дайынбыз. Біз БЗТ қаражаты есебінен депозитті толтыру батырмасын 2021 жылдың 16 желтоқсанында іске қосуға және төрт демалыс күні бойы арнайы ағымдағы шоттар мен депозиттерді ашуға дайынбыз, бірақ осы күнге оларды бәрі ашып үлгерген сияқты, – деді ол.
Барлығы www.enpf-otbasy.kz платформасында онлайн режимде жасалады.
Оставить комментарий