Қазгидромет Қазақстанның сегіз облысында ауа райының қолайсыздығына байлынысты дабылды ескерту жариялады.
Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында күндіз көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында және орталығында жел екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде
Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Түркістан облысының солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз таулы аймақтарда жел күші 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады күтіледі.
Қарағанды облысының батысы мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының орталығы, оңтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз Жарма ауданында жел күші 23-28 м/с дейін артады.
Алматы облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Алакөл көлдерінің ауданында жел екпіні 29 м/с және одан жоғары көтеріледі деп болжанады.
Оставить комментарий