БҚО-да "Омикрон" штамы табылғаны рас па?

/image/2021/12/24/crop-67_8_513x684_800x530x211224095637.jpg.pagespeed.ic.mjhocwbcdx.jpg

Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірде "Омикрон" штамы табылғаны туралы желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

– Мессенджерлерде тарап кеткен ол ақпарат – фейк. Облыста "Омикрон" штамы тіркелген жоқ. Дегенмен COVID-19 эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде SARS-COV-2 жаңа нұсқаларын уақтылы анықтаудың маңыздылығын ескере отырып, ковид табылған науқастардың оң нәтиже қорытындылары Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық сараптама орталығына жіберілді. Ол сынамалар зерттеліп жатыр. Нәтижелері әлі дайын емес, – деді облыстың санитарлық-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Кереева.

Ведомство мамандарының айтуынша, аталмыш ақпаратты жариялаған ақпарат құралының басшысы оқырмандардан кешірім сұрап, мәліметті ресурстардан алып тастаған.

Бұған дейін "Уральская неделя" басылымы БҚО-да "Омикрон" штамы табылғанын хабарлап, кейін ақпаратты Telegram каналынан өшірген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи