"33 градус аяз". Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады

/image/2021/12/24/crop-10_9_426x568_bce8c51c1f3f445799e12bc57f14aad0.jpg

Қазгидромет 25, 26, 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Осыған орай жауын-шашын, көктайғақ, тұман, жел және бұрқасын болуы мүмкін.

"Батыста ауа температурасы түнде 14-23 градустан 3-13 градусқа дейін жоғарылайды, күндіз 13 градус аяздан 3 градусқа дейін жылиды болады. Солтүстік-батыста түнде 17-33 градустан 7-23 градусқа дейін аяз, күндіз 10-25 градустан 2-11 градусқа дейін аяз күтіледі. Солтүстікте ауа температурасы түнде 20-33 градус аязды көрсетеді. Орталықта және шығыста, солтүстік-шығыста түнде 5-15 градустан 10-25 градусқа дейін аяз болады.

Оңтүстікте түнде 15 градус аяз, 3 градусқа дейін жылы және 3-20 градусқа дейін аяз, күндіз 8 градус аяз, 12 градус жылы, 10 градус аяздан 3 градусқа дейін жылы, республиканың оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяздан 3 градусқа дейін жылы, 0-8 градус аяз, ал күндіз 2-10 градусқа дейін жылы, 0-10 градусқа дейін аяз болады деп болжанады" делінген хабарламада.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи