Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы, Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кететінін мәлімдеді.
27 желтоқсаннан бастап Жандарбек Бекшин демалысқа шығады, 5 қаңтардан бастап зейнетке шығуына байланысты қызметінен кетеді.
– Менің келісімшартым аяқталды. "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға сәйкес зейнеткерлердің жұмыс мерзімі бір жылға ұзартылады. Мен екінші рет ұзарттым. Қаңтарда кетемін, – деді Жандарбек Бекшин.
Бекшиннің отставкасынан кейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін Қарлығаш Әбдіжаббарова атқарады. Ол қазір Алматы қалалық ССК орынбасары.
Жандарбек Бекшин Алматы қаласының бас санитар дәрігері қызметіне 2020 жылғы 18 сәуірде тағайындалған болатын.
Оставить комментарий