"32 градус аяз". Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады

/image/2021/12/27/crop-83_14_774x1033_lgiq1ozz.jpg

Қазгидромет 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына солтүстік-батыс циклон әсер етеді. Салдарынан қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.

Суық ауа массалары әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ауа райы құбылмалы болады.

"Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді" делінген хабарламада.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи