Алматыда Жанболат Мамайдың соққыға жығылғаны хабарланды

/image/2022/01/04/crop-220_21_692x923_received_388533559016029.jpeg

Алматыда "Демократиялық партия" бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамайды соққыға жығылғаны хабарланды. Бұл туралы белсендінің жұбайы Инга Иманбай мен адвокаты Жанар Балғабаева facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

Адвокатының айтуынша, Мамай ұйымдастырған наразылық акциясы «Алматы Арена» спорт кешенінің маңында өтіп, оған бірнеше мың адам қатысқан. Шерушілер газ бен азық-түлік бағасының өсуіне қарсылық білдірген. Мамайды кейбір деректер бойынша Наурызбай аудандық полиция бөліміне алып кеткен. Алайда  Балғибаеваның айтуынша, белсенді ол жерде болмаған.  Белсенді қазір Әуезов аудандық полиция бөліміне жеткізілген болып шықты.

Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбай Азаттық радиосына полицияның күйеуін қайда қамағанын айтпай отырғанын, оның денсаулығына алаңдайтынын жеткізді. 

– Мен және Жанболат Мамай Әуезов аудандық бөлімшесіндеміз. Жанболатты кәдімгедей ұрған. Көзі көгерген. Бір жігіттің басынан қан тоқтамай жатыр. Барлықтарымыздің үсті-басымыз кір топрақ, – деді белсенді Асхат Демократ Facebook парақшасында.

Еске салайық, бүгін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Ақтауда алаңға жиналған халыққа комиссияның шешімін жариялады. Ол газ бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендейтінін мәлімдеді. Бұл "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді.

Тараптар туындайтын барлық мәселені сындарлы диалог арқылы және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге уағдаласқаны хабарланды.

Алайда халық наразылығы басылар емес. Жаңаөзен, Ақтау, Атырау, Ақтөбе секілді ірі наразылық ошақтарына енді Алматы қосылды. Қазіргі уақытта мыңдаған адам Алматы-Арена спорт кешені маңына жиналып, үкімет пен қауіпсіздік кеңесінің төрағасы  Нұрсглтан Назарбаевтың отставкасын талап етіп тұр.

5 қаңтар Қ.Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселеге қатысты жиын өткізеді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи